Жуырда елордалық көрермен әуезді әуен тыңдап, күнделікті қоңыр тіршіліктен сергіп бір демалды дерсіз. Бұл мәдени демалысты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі ұсынған Sympho vibe концерті сыйлады.

Sympho vibe сазды кеші аталған ұжымның концерттік маусымының ерекше ашылуы болды. Өйткені бағдарламада классика мен джаз, академизм мен жалынды би ырғақтарының тоғысында туған жауһарлар, яғни Джордж Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» және «Париждегі америкалық», Леонардо Бернстайннің және Элмера Бернстайнның «Вестсайд тарихы» мюзикліндегі «Мамбо» және «The Magnificent Seven», Артуро Маркестің № 2 Дансоны, оркестрмен валторнаға арналған Вилланелла (валторна – К.Дүйсембаев) және Қуат Шілдебаевтың «Каракемер» шығармалары бар.
Концерттің көптеген шығармасы танымал фильмдерден-ақ белгілі. Жанды, әсерлі және түрлі әуендер мәдени кешті ғажайып күйге бөледі. Леонардо Бернстайнның «Вестсайд тарихы» шығармасының өзі бір тарих. Айта кетейік, мюзикл экранға шыққаннан кейін 11 номинация бойынша он Оскарды жеңіп алды.
«Блюз стиліндегі рапсодия» да – Джордж Гершвиннің танымал туындыларының бірі. Ғасыр бұрын орындалған Рапсодия бірден айтулы жетістікке жетіп, композитордың шоқ жұлдызына айналды. Сыншылар Гершвиннің классикалық музыка мен джаз қағидаттарын біріктірудегі дарындылығын ерекше айтады. Осы уақыттан бастап «Рапсодия в стиле блюз» шығармасын академиялық және джаз ұжымдары орындайды.
Ал Артуро Маркестің № 2 Дансоны «Proms-2007» фестивалінде ғажап әсер туғызған еді. Кейін осы композицияға қысқаметражды көркем фильм түсіріліп, ол да киносүйер қауымды тәнті етті. Мексикалық композитордың шығармасы Латын Америкасында һәм бүкіл әлемге танылып, тіпті автордың құрметіне Халықаралық музыка фестивалі ашылды.
Айта кетейік, тыңдарманға осындай жұлдызды шығармаларды ұсынған кештің көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан, бас дирижері – Ернар Нұртазин.
Өнер • Бүгін, 08:35
Үкімет • Бүгін, 00:01
Ел болашағына арналған бағдарлама
Қоғам • Кеше
Зейнетақы қоры ірі жобаларды инвестициялайды
Экономика • Кеше
1 700 жолаушының өтелген шығыны
Экономика • Кеше
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Пікір • Кеше
Ауыл • Кеше
Көші-қонның жаңа тәртібі күшіне енді
Қазақстан • Кеше
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Үміт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы
Медицина • Кеше
Күйік шалғандар лайықты ем алды
Аймақтар • Кеше
Сәбиге жасалған күрделі операция
Медицина • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Кино • Кеше
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Білім • Кеше
Әлеуметтік кесел әл бермей тұр
Аймақтар • Кеше
Ең қысқа әңгіме • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Елеусіновтің екпінін кім басты?
Бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Конгресс кітапханасында сақталған
Тарих • Кеше
Қоғам • Кеше
Астана кешінде – «VIVA MUSICA!»
Өнер • Кеше
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Кеше
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Кеше
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар