Спорт • 13 Қыркүйек, 2022

Дэвис додасы басталды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше теннистен Дэвис кубогы жолындағы жарыс басталды. D тобындағы командалар Шотландияның Глазго қаласында күш сынасуда. Олар – Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ және Нидер­ланд құрамалары. Бұл бәсекелер 18 қыркүйекке дейін созылады.

Дэвис додасы басталды

Жарыстың басталуына бір­неше күн қалғанда Тұман­ды Альбион еліне жеткен Қазақ­стан­ның ұлттық құрамасы бір­ден дайындыққа кірісті. Сол кезде БАҚ өкілдеріне берген сұх­батында командамыздың ең тәжірибелі ойыншысы Михаил Ку­кушкин: «Дәл қазір қай елдің өрендері келесі кезеңге шы­ғатынын дөп басып айту қиын. Барлық команданың сапында өте мықты және тәжірибелі теннисшілер бар. Олар жекеле­ген бәсекелермен қатар, жұптық сайыс­тарда да жақсы ойын көр­­сете алады. Ал біздің бір ар­тық­­шы­лығымыз – Дэвис кубогында жиі бақ сынай жүріп, мол тәжірибе жинадық. Аталған додада небір азулы құрамаларды жолымыздан ығыстырып, ко­мандалық рухымыздың мықты екенін сан мәрте дәлелдедік. Бұл жолы да жанкүйерлерімізді жерге қаратпауға барынша күш саламыз», деді.

Кеше 8 мың көрерменді сый­дыра алатын Emirates Are­na кешенінде Қазақстан құ­рама­сы тұсаукесер кездесуін Ни­дер­ланд­тың теннисшілерімен өткізді. Ертең АҚШ-пен айқа­самыз. 18 қыр­күйекте Ұлы­бри­­таниямен күш сына­самыз. Ал өзге бәсекелер Ита­лияның Болонья, Испанияның Валенсия және Германияның Гам­бург қа­лаларында өтуде. Әр топ­тың үз­дік екі командасы плей-оффқа жолдама алады. Шешуші бәсе­келер 23-27 қараша күндері Пире­­ней түбегіндегі Малага қала­­сында ұйым­дастырылады. Сол турнирде Дэвис кубогының жеңім­пазы анық­талады.