Қоғам • 14 Қыркүйек, 2022

Әскерилер де қолұшын созды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орман өрті салдарынан баспанасы мен дүние-мүлкінен айырылған Әулиекөл ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсету туралы халықтың бастамасын Қарулы күштердің әскери қызметшілері де қолдады.

Әскерилер де қолұшын созды

Әскерилер Қостанай об­лы­сындағы алапат өрт­тен зардап шеккендерге кө­мек көр­сете­тін «Қа­йы­рымдылық КZ» бірыңғай қо­­ғам­­дық қ­о­­ры­на 6 млн 200 мың теңге аудар­ды.

Бұдан өзге «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әс­ке­ри қызметшілері зардап шеккендерге құ­рылыс материалдары, азық-түлік және жылы киімдер тиел­ген үш КамАЗ көмек жі­берді. Гу­ма­ни­тарлық кө­мек­тің жалпы салмағы 23 тоннаға жетті.

Қостанай облысындағы өртті сөнді­ру­ге офицерлер мен келісімшарт бойын­ша әскери қызметшілер қатарынан 180-ге жуық әске­ри қызметші жұ­мыл­ды­рыл­ғанын айта кеткен жөн.

Олар Әулиекөл ауданының Баға­на­лы, Озер­ное және Новонежинка елді мекендерінде өрт апатының таралуына жол бермеуге елеу­лі көмек көрсетті. Өртке қарсы іс-шараларды өткізу бары­сын­да инженерлік техника және көлік-жа­­уын­герлік тікұшақтар жұ­мыл­ды­ры­лып, олар ауданды бар­лауды және өрт ошағына су шашуды жүзеге асырды.

Қиын сәтте армия әрқа­шан халыққа кө­мек көр­се­туге дайын. COVID-19 пан­­демиясы кезінде залалсыздандыру жұ­мыс­тарын жүр­гізіп, Түркістан облы­­сының Мақтаарал ауданындағы су тас­­қы­ны кезінде әскери қыз­метшілер уа­­­қытша бө­гет­­тер тұрғызып, апат­қа ұшы­­­­раған аудан тұрғын­да­рын эвакуация­ла­ды.