Спорт • 14 Қыркүйек, 2022

Қыркүйектегі қос кездесу

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлт­тық құрама командасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА-ның Ұлттар лига­сында өнер көрсететін ойын­­шылардың есімдерін жа­рия етті. Сол тізімге есім­­­дері төменде аталған аяқ­доп шеберлері енді:

Қыркүйектегі қос кездесу

Қақпашылар – Игорь Шац­кий («Шахтер»), Мұхам­меджан Сейсен («Тараз») және Бекхан Шайзада («Ордабасы»). Қорғаушылар – Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров («Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Кусяпов («Ас­тана»), Марат Быстров («Ах­мат», Ресей), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зе­нит», Ресей). Жартылай қор­ғау­шылар – Юрий Логви­ненко, Ра­мазан Оразов («Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Ти­мур Досмағамбетов, Исламбек Қуат («Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы») және Әділет Садыбеков («Қай­рат»). Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Астана»), Абы­лайхан Жұмабек («Тараз»), Артур Шушеначев («Қайрат») және Роман Мұртазаев («Шахтер»).

Қазіргі кезде барлық футболшылар Нұр-Сұлтанда бас қосып, өз даярлықтарын пысық­тауда.14 қыркүйекте басталған оқу-жат­тығу жиыны бір аптадан аса уақытқа созылады. 22 қыр­күйек­те жерлестеріміз өз ала­ңында Беларусь құрама­сымен ойнайды. Ал 25 қыр­күйек­те Ба­куде Әзер­байжан құра­ма­сымен кезде­седі.