Спорт • 14 Қыркүйек, 2022

Жасыл құрлықтағы жарыс

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 қыркүйекте Аустралияның Вул­лонгонг қаласында велоспорттан әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Бұл жарыста Қазақстанның 15 спортшысы бақ сынайды.

Жасыл құрлықтағы жарыс

Аталған жарыстың бірғасырлық тарихы бар. Оның тұсауы сонау 1921 жылы Данияның астанасы – Копенгагенде ке­сілген. Соңғы чемпионат былтыр Бель­гияның Фландрия өңірінде өтіп, ерлердің сайысында франциялық Жюлиан Ала­филипп (жекелеген) пен Филиппо Ганна (топтық) алдына жан салмады. Әйелдер арасында италиялық Элиза Бальзамо (жекелеген) мен Эллен ван Дейк (топтық) дара шықты. Аралас жұптардың жарысында Германия құрамасының мерейі үстем болды.

Жасыл құрлықтағы жарыстың элиталық тобында Қазақстанның туы астында Алексей Луценко, Юрий Натаров, Вадим Прон­ский және Евгений Федоров, андерлер арасында Нұрберген Нұрлықасым, Глеб Брусенский, Андрей Ремхе, Евгений Фе­доров және Николя Винокуров өнер көр­сетеді. Сондай-ақ жастар сайысында Алексей Ваганов, Максим Тараскин, Илья Кара­бутов, Виолетта Казакова, Алина Спирина, Милана Котельникова және Вик­тория Марчук бақ сынайды.