Челябі «Тракторының» да жарыс кестесіндегі жағдайы аса мәз емес еді. Өз жанкүйерлерінің көз алдында қалайда ұпай алуды көздеген Андрей Скабелканың шәкірттері бұл жолы мұзайдында барын салды. Бірінші кезеңнің 6-минутында Линден Вей алғашқы голды салса, 15-минутта Кирилл Савицкий нысананы дәл көздеді. Екі ретінде де олар Никита Михайлистен әдемі пас алды. Үзіліске дейін қонақтар есеп айырмашылығын қысқартып үлгерді. Бұл голдың авторы – Теему Пулккинен. Одан кейін екі команданың ойыншылары ұзақ уақыт бойы дамылсыз шабуылдағанымен, таблодағы есеп өзгерген жоқ. Тек бәсекенің аяқталуына бір минуттай ғана уақыт қалғанда тағы да сол Вей мергендік танытып, матчтың соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:1.
Келесі екі кездесуін «Барыс» 15 және 16 қыркүйекте Омбының «Авангардымен» өткізеді. Ал 18 және 20 қыркүйекте Новосибирскінің «Сибирь» клубымен күш сынасады. Аталған ойындардың барлығы да Нұр-Сұлтанда өтеді.