Спорт • 15 Қыркүйек, 2022

Алғашқы ойында ұтылды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландияның Глазго қаласында шымылдығы түрілген Дэвис кубогі жолындағы жарыстың тұсаукесер кездесуінде D тобындағы Қазақ­станның теннисшілері Нидерланд құрамасынан 1:2 есебімен ұтылды.

Алғашқы ойында ұтылды

Алғашқы болып кортқа Михаил Кукушкин шықты. Әлемдік рейтингте 214-орында тұрған жерлесіміз Таллон Грикспурмен күш сынас­ты. Ардагер спортшымыздың АТР тізімінде 46-сатыға жайғасқан 26 жастағы Нидерландтың өкіліне әлі жетпеді – 1:6, 6:3, 3:6. Одан кейін Александр Бубликтің өнерін тама­шаладық. Үздіктер рейтингінде 44-орынды еншілеген отандасымыз Ботик ван де Зандшульппен сайысқа түс­ті. Мықтылардың тізімінде ол Буб­ликтен тоғыз саты жоғары орналасқан. Алғашқы сетте біздің ойыншы жеңіске жеткенімен, қалған екеуі ван де Зандшульптің пайдасына шешілді – 6:3, 1:6, 4:6. Жұптық бәсекеде қос Александр – Бублик пен Недовесов Весли Колхов пен Матве Мидделкопты қапы қалдырды – 6:4, 1:6, 6:3. Қорытынды есеп – 1:2.

А тобындағы Швеция Арген­тинадан 2:1 есебімен айласын асырды. В тобындағы Канада Оңтүс­тік Кореяны ұтты – 2:1. С тобын­дағы Аустралия Бельгияға бет қа­рат­пады – 3:0. Қазақстанның теннисшілері бүгін Дэвис кубогінің 32 дүр­кін жеңімпазы деген атағы бар АҚШ құрамасымен кездеседі. Бұл ко­манданың сапында Тейлор Фриц, Томми Пол, Джек Сок және Раджив Рам сынды саңлақтар өнер көрсетуде. Ал 18 қыркүйек күні Ұлы­­британиямен күш сынасамыз.