Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Бесін намазына қатысты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғарғы мәртебелі имам Ахмад ат-Тайеб кеше елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, бесін намазына қатысты.

Бесін намазына қатысты

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шыларының VIІ съезіне келген жоғары мәртебелі имамды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, құлшылық ордасымен таныстырды.

Әл-Азһар шейхы бесін намазын оқыды. Намаздан соң Бас мүфти құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, еліміздің дін қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.