Спорт • 16 Қыркүйек, 2022

Ширек финалға шықты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыба­кина Словенияның Портороже қала­сында өтіп жатқан халықаралық тур­нир­дің ширек финалына шықты.

Ширек финалға шықты

Тұсаукесер кездесуінде германиялық Лау­ра Зигемундтан басым түскен жерлесіміз екінші кезеңде WTA тізімінде 66-орында тұрған 27 жастағы чехиялық Тереза Мар­тин­цовамен кездесті. Бұл бәсекеде Еленаның басым­дығы еш күмән туғызған жоқ. Екі сеттік сайыс 6:4, 6:1 есебімен аяқтал­ды. Енді ол үздіктер тізі­мінде 92-орынды енші­леген Украи­наның ойыншысы Леся Цурен­комен кездеседі.

Ал Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Че­ленджер» турнирінде қазақ теннисшісі Бейбіт Жұ­қаев табысты өнер көрсетуде. Алғашқы айналымда корт қожайыны Женгиз Аксудан айласын асырған ол келесі кезеңде испаниялық Николас Альварес Варонды 6:4, 6:1 есебімен ұтты.