Спорт • 16 Қыркүйек, 2022

Мықтылар турнирі басталды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматыда үстел теннисінен Contender Almaty деп аталатын аса ірі халықаралық турнир өтуде. Аталған жарыс­та әлемнің бірқатар мемлекеттерінен келген көптеген атақты ойыншы шеберлік байқасуда.

Мықтылар турнирі басталды

Жарыстың іріктеу кезе­ңінде 15 жерлесіміз өнер көр­сетіп, солардың тоғызы келе­сі айналымға жолдама алды. Атап айтсақ, Ескендір Хар­ки америкалық Людовик Гом­боштан айласын асырды – 3:2. Дастан Кенжеғұлов үндіс­тан­дық Джит Чандраны шаң қап­тырды – 3:2. Владислав За­харов саудиялық Аззам Алимге сан соқтырды – 3:0. Ал Са­ғантай Құрмамбаев, Жанерке Көш­кін­баева және Гүлчехра Хусейнова Өзбекстанның ойыншыларын қапы қалдырды. Тағы үш кездесуде жерлестеріміз өз­ара күш сынасты. Бұл бәсе­келерде Бақдәулет Әкімәлі Эрик Райтерден, Ангелина Ро­ма­новская Айя Әлімбаевадан және Александра Смирнова Әнел Бақыттан басым түсті.

Ал қытайлық Лю Йебо мен Зан Сяотунмен кездескен Ирисбек Артукметов пен Алсу Сапарова жеңілістің кермек дәмін татты. Сол секілді Арай Әшкееваның люксембургтік Вивьен Шольцке әлі жетпеді.