Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол бойындағы егіс алқабында полиция қызметкерлері 33 және 34 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады.
«Полиция ер адамды есірткі қолданып тұрған жерінен ұстады. Бұл фактіні медициналық сараптама растады. Ұсталған жерінен жақын маңдағы аумақты қарау кезінде жалпы салмағы 17,5 кг болатын кептірілген және пакеттерге салынған марихуана табылды. Сондай-ақ салмағы 145 грамм гашиш табылды», делінген хабарламада.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.