Форумның тақырыбы: «Қазақстанның машина жасау саласы: жаңа заманның сын-тегеуріндері». Форум Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар одағы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Форум машина жасау саласының өңірлік және халықаралық кәсіпорындары тап болып отырған сын-тегеуріндердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде өзін танытты, оның шеңберінде экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыру және жаңа экономикалық саясат тетіктері талқылануда.
Форум мен көрмені өткізудің мәнділігі мен маңыздылығын олардың нәтижелері дәлелдейді. 2021 жылы форум жұмысына Қазақстан Республикасынан, Германия Федеративтік Республикасынан, Италия Республикасынан, Австрия Республикасынан, Литва Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Украинадан, Өзбекстан Республикасынан, Чех Республикасынан, Корея Республикасынан және Түркия Республикасынан 1 200-ден астам делегат қатысты.
Сондай-ақ көрмеге 200-ге жуық отандық және шетелдік, оның ішінде әлемге әйгілі компаниялар қатысты.