Кәсіпқой бокс • 17 Қыркүйек, 2022

Головкин мен «Канело» трилогия алдында салмақтарын өлшеді

1335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Головкин мен «Канело» трилогия алдында салмақтарын өлшеді

Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша Головкин - 167,8 фунт (76,11 келі), «Канело» - 167,4 фунт (75,93 келі) нәтиже көрсетті. Осылайша, екі боксшы да орта салмақ үшін бөлінген лимитті сәтті орындады.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес супер орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласады.