Кәсіпқой бокс • 18 Қыркүйек, 2022

Әли Ахмедов GGG-Канело андеркардында қарсыласын жеңді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов төрешілердің бірауыздан шешімімен америкалық Габриэль Росадоны жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әли Ахмедов GGG-Канело андеркардында қарсыласын жеңді

Бүгін Әли Ахмедов америкалық боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жекте IBF (North American) және WBC Silver чемпиондарының титулдары сарапқа салынған. Кездесу Ахмедовтың жеңісімен аяқталды.

Әли Ахмедов кәсіби мансабында 19-шы жеңіске жетіп, екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Габриэль Росадо кәсіпқой рингте 16-шы жеңіліске ұшырады.