Спорт • 18 Қыркүйек, 2022

Қазақстандық балуан Сербияда қола жүлдеге таласады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуан Әділ Оспанов осы күндері Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуан Сербияда қола жүлдеге таласады

Алғашқы жекпе-жекте Оспанов Молдова өкілі Виталий Буничиді 4-1 есебімен жеңді. Турнирдегі екінші матчта қазақстандық былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қырғызстандық Әлібек Осмоновты 6-3 есебімен таң қалдырды. Алайда ширек финалда Оспанов ирандық Рахман Амузадхалилиге 2-13 есебімен есе жіберді.

Ирандық балуан финалға шығып, қазақстандыққа жұбаныш турнирінде таласуға мүмкіндік берді.

Енді Оспанов алдағы жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда турнирдің қола медаліне үміткер бола алады.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38