Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2022

Елден көмір шығаруға уақытша тыйым салынды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлі көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға шектеу енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елден көмір шығаруға уақытша тыйым салынды

«Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық, әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр», делінген министрлік ақпаратында.

Мұндағы басты мақсат – 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Министрліктің бұйрығы жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген.