Өнер • 19 Қыркүйек, 2022

Мадридте қазақ киносының күндері өтіп жатыр

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридтің тарихи орталығында орналасқан кинотеатрында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ пен Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстандық кино күндерінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Мадридте қазақ киносының күндері өтіп жатыр

Іс-шараға Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақтандықтар диаспорасы, шетелдік киносүйер қауым қатысты.

Қазақстан елшісі Константин Жигалов бұл шара биыл атап өтілетін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанының 30 жылдығына орайластырылғанын айтты.

К. Жигалов 2016 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақстан елшілігінің қолдауымен Барселонада өтетін жыл сайынғы Азия кинофестивалінде қазақстандық фильмдер тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқанына тоқталды.

Әсем өнерлер орталығында режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Алға» және режиссер Фархад Шәріповтің «Схема» фильмдерінің еуропалық премьерасы өтіп, оған Ф. Шәріпов және «Алға» фильмінің продюсері Максим Акбаров қатысты.

Мадридтегі қазақ киносының күндері көпшіліктің көңілінен шықты. Бүгіннің өзінде Испанияның орталық газеттерінің бірі – «La Vanguardia» басылымында осы оқиғаға арналған материал жарияланды.