ТЖ департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 гектар алаңда құрғақ шөп пен қамыс өртенген.
Жалын сағат 16:50-де ауыздықталып, 17:20-да толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің 17 қызметкері мен 5 техникасы, Орман шаруашылығының 6 қызметкері мен 2 техникасы, Заря ауылының өрт сөндіру бекетінің 6 қызметкері және 1 техникасы, Заря ауылдық округінің ЕӨҚ-ның 15 адамы жұмылдырылды.