Спорт • 20 Қыркүйек, 2022

Үш ойында да ұтылды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландияның Глазго қаласында өткен Дэвис кубогы жолын­дағы жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті. D то­бын­дағы тұсаукесер кездесуінде Нидерланд құрамасынан ұтыл­ған жерлестеріміз одан кейін АҚШ-қа есе жіберді.

Үш ойында да ұтылды

Дүниежүзілік рейтингте 214-орында тұрған Михаил Кукуш­кин Томми Полмен күш сынас­ты. Әлемнің 29-ракеткасы жер­лесімізді еш қиналмай жеңді – 6:1, 6:4. Келесі ойында Александр Бублик таразы басын теңестіретін шығар деп үміттендік. Ол биылғы Уимблдон турнирінде ширек финалға дейін жеткен Тейлор Фрицпен шеберлік байқасты. Отандасымыз АТР рейтингінде 12-орынға тұрақтаған АҚШ-тың ең үздік ойыншысының осал тұсын таба алмады – 6:7, 6:1, 3:6. Жұптық сайыста Бублик пен Александр Недовесов Рад­жив Рам мен Джек Сокты сан соқтырғанымен, жеңіс аме­ри­­ка­лықтардың уысында кетті. Қоры­тынды есеп – 1:2.

Қатарынан екі кездесуде ұтылған Қазақстан құрамасы соңғы матчта Ұлыбританиямен күш сынасты. Бұл бәсекеде де жер­лестеріміз жеңілістің кер­мек дәмін татты. Атап айтсақ, Дмитрий Попко Энди Мар­рейден ұтылды – 4:6, 3:6. Алек­сандр Бублик Кэмерон Норриден басым түсті – 6:4, 6:3. Ал жұптық бәсекеде Бублик пен оның аттасы Александр Недовесов Джо Солсбери мен Нил Скупскиге есе жіберді – 6:7, 7:6, 6:7.