ОРАЛ. 16 мамыр. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында еділбай қойы төртем туды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаратылыс берейін десе шектен тыс мырзалық танытатыны бұл жолы тағы да дәлелденді. Шалғайдағы Жаңақала ауданының тұрғындары ерлі-зайыпты Бектемір мен Света Бекқалиевтердің жеке иелігіндегі саулықтың бірі бірден төрт қозы тапты.
Асыл тұқымды еділбай қойы негізінен бір қозы туатыны селекциялық тәжірибеден жақсы белгілі. Осыған қарамастан биыл төрт қозы туған саулық соңғы екі жыл қатарынан үшеуден төлдепті. Алайда, қақаған қыста төлдегендіктен, нәзік, қызылшақа қозылар өліп қала береді екен. Ал биылғы төрт қозы ойнақтап, ет жинап келеді.
Таңсықты көрмек үшін іздеп елге барғанда қой өрістен келіп жатыр екен. Саулықты бөлектеген үй иесі аналықтың жанынан төрт қозысын қатар жіберді. «Қой сүйеді баласын қоңырым деп...» ауыз әдебиетінде айтылғандай, аналық қой төрт төліне қатар еміренеді. Қозылар болса таласа-тармаса анасының емшегін сорғылауға кірісті.
Қой иесі: «Мұндай жағдайда саулық сүті біріне көп, біріне артық кетуі мүмкін. Сондықтан қозыларды екеуден шығарып, кезекпен емізуді қажет деп тауып отырмыз. Әрі бұған қосымша сүт береміз», – деді.
Темір Құсайын.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: egemen.kz.

Қазақстанда үш ай ішінде алкогольсіз сусындар өндірісі 28% артты
Қоғам • Бүгін, 21:30
Жаз маусымында қосымша төрт тальго пойызы жолға шығады
Қоғам • Бүгін, 21:05
Украина дрондары Санкт-Петербургке шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 20:50
Қарағандылық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
Спорт • Бүгін, 20:19
Иран АҚШ базаларына соққы жасағаны хабарланды
Әлем • Бүгін, 20:04
Энергетикадағы оң өзгеріс: Қазақстан профицитке қол жеткізді
Экономика • Бүгін, 19:31
АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша баж салығын енгізуді ұсынды
Экономика • Бүгін, 19:07
Депутат Қытай көліктері үшін Қазақстанға ақылы кіру жүйесін енгізуді ұсынды
Экономика • Бүгін, 18:55
Ақтөбе әкімі аппаратының бұрынғы басшысы үш жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:42
Еуропаны елең еткізген нәтиже: Қазақстан Португалиядан ұпай еншіледі
Спорт • Бүгін, 18:32
Еңбек заңнамасы жаңарды: Президент тиісті заңға қол қойды
Заң • Бүгін, 18:15
Алматыдағы ғылыми-зерттеу институтында госпитальдық фармация бөлімі ашылды
Медицина • Бүгін, 17:58
Маусым айында еліміздің 4 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 17:52
Қасым-Жомарт Тоқаев: Екі елдің байланысын бекемдеу – халықтарымыздың ортақ мақсаты
Президент • Бүгін, 17:47
Ақтоғайда теміржол нысандарының бірінде шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген
Оқиға • Бүгін, 17:38