«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Сондай-ақ екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.