Әлем • 20 Қыркүйек, 2022

Әзербайжан Францияға наразылық нотасын тапсырды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Әзербайжандағы елшісі Захари Грос 19 қыркүйекте Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан Францияға наразылық нотасын тапсырды

Елшіге Франциядағы Әзірбайжан елшілігіне армян топтары жасаған шабуылға байланысты наразылық нотасы табысталды. 

«Кездесу барысында Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов Франциядағы армян диаспорасы тобының радикал-экстремистік сипатта Париждегі Әзербайжан елшілігіне жасаған шабуылы француз заңдарын өрескел бұзу және жалпы қабылданған халықаралық құқық нормалары аяқасты ету екенін жеткізді», делінген хабарламада.