Оқиға • 20 Қыркүйек, 2022

Мексикада 7,4 балдық жер сілкінісі болды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың орталығында 1985 және 2017 жылдар арасында болған жойқын жер сілкіністерді еске алу шарасында 7,4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Мексикада 7,4 балдық жер сілкінісі болды

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор әлеуметтік желіде Ұлттық сейсмологиялық қызметтің мәліметі бойынша жер сілкінісінің эпицентрі Мичоакан штатындағы Коалкоман қаласынан оңтүстікке қарай 63 шақырым жерде, ошағы 15 шақырым тереңдікте болғанын айтты.

«Біз ақпарат жинауды жалғастырамыз. Жағдай одан әрі ушықпайды деп үміттенеміз», деді ел президенті.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 13:05-те, бүкіл ел бойынша миллиондаған мексикалықтар ұлттық жер сілкінісіне ден қою жаттығуларына қатысқаннан кейін шамамен бір сағат өткен соң тіркелді.

Ел тұрғындарына жер асты дүмпуі қатты сезілген.