Айтулы мереке қарсаңында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Салтанатты іс-шарада қала әкімі Алмас Әділ барша жұртты мерейлі мерекемен құттықтады. Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының типінде салынған екі қабатты ғимаратта 20 адамдық мәжіліс залы, интернет-клуб, 18 орынға арналған коворкинг орталығы, шахмат клубы, 12 адамға арналған, барлық қажеттілікпен қамтылған тренажер залы, киім ілетін орын, душ кабиналары, психологиялық көмек орталығы, компьютерлік курстар мен роботтехника сабақтарын ұйымдастыруға арналған кабинет, шағын кафетерий, тиісті оргтехника мен жиһаздар қойылған кеңсе бөлмелері бар. Құрылыс аумағы – 670,5 шаршы метр. Орталық бір мезгілде 68 адамды қабылдай алады. Мұнда 10 адам жұмыс істейді.
Жалпы, Текелі қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны – 5 452 адам. Жыл басынан бері Текеліде 125 жас жұмысқа орналастырылды. Осы ретте қала мектептерінде 41 жас мұғалім еңбек етсе, соның 19-ы биыл жұмысқа қабылданған.
Жетісу облысы