«Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша жану аумағы шамамен 60 гектарға ұлғайды. Өртті сөндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Атырау қаласында күйік иісі сезіледі. Сағат 19:40-та өрт «Ақ Жайық» ӨСБ аумағына жайылды», делінген хабарламада.
Өрт орнында телефон және радио байланысы жоқ екенін айта кету керек.
Синоптиктердің айтуынша, оңтүстік-шығыстан 5-7 м/с жел соғады, ауа температурасы +30 С болып сақталады.
Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД (31 қызметкер және 10 техника, 1 су көлігі), «Ақ Жайық» ГПР (20 жұмысшы және 5 техника), жергілікті атқарушы органдар (3 жұмысшы және 3 техника), ЕӨСЖ (15 адам 2 бірлік техника) жұмылдырылды.
«Жердің батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникалары өте алмай жатыр. Сондықтан өртті сөндіру мүмкін емес. Өрт ошағына шыққан «TREKOL» автокөлігі батпақты жерде батып, толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Департаментте жедел штаб құрылды», деп қосты департаменттен.
Бүгін өртті әуеден сөндіру үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиапас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы су төгетін құрылғысымен ұшуы жоспарланған.