Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда қант өндірісі артады

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елдегі қант жағдайы бойынша негізгі мәселелер шешілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қант өндірісі артады

Сауда министрлігінің басшысы ведомство отандық зауыттар үшін шикі қант сатып алуға қаржы тапқанын хабарлады. Енді олар шикізатпен толық қамтамасыз етілген, сондықтан өндіріс жылына кем дегенде 400-450 мың тоннаға дейін өседі.

«Бірақ кондитерлер талап ететін қанттың белгілі бір мөлшері бар, сондықтан біз қазір Ресеймен индикативті тепе-теңдікке қол қойдық. Біз сол жерден 100-150 мың тонна аламыз. Бүгінгі күні мен тіркеген соңғы баға 45 рубльге белгіленді», деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, 21 қыркүйекте Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның Салық кодексіне отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған жаңа түзетулерді таныстырды. Атап айтқанда, қант импорттаушыларын ҚҚС төлеуден босату ұсынылды.