Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2022

Айдынды тазартатын жоба

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиамидті торлар мен плас­тикалық бұйымдар облыс аумағындағы Сырдария өзені мен Арал теңізі айдынының экологиялық ахуалын ауыр­латып-ақ тұр.

Айдынды тазартатын жоба

Осыған байланысты «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі бастама көтеріп, су ресурстарын табиғат аясына келіп демалушылар мен браконьерлерден қалған осындай зиянды заттардан қорғайтын жобаны жүзеге асыруда.

Бұл үшін USAID қоры­ның демеушілігімен су қоймала­рын­дағы қалдықтарды тазартуға арналған құрылғы және су астын­­дағыны көретін камера қол­­данылып отыр. Қор өкіл­дері ауданға келген сапарында Ақшатау көліне барып, құрыл­ғылардың жұмыс барысын көрді. Сонымен бірге «Жамбыл» өнді­рістік кооперативіндегі инку­ба­циялық цех жұмысымен танысты, су тоғандарын аралады.

Жоба бойынша су ресурстарын тазалаудан бөлек алынған қалдықтар кәдеге жаратылуы керек. Бұл үшін Арал қаласында пластикалық қалдықтарды қайта өңдеп, одан өнім шығаратын цех салынады.

 

Қызылорда облысы