Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Жетісу жәрмеңкесі

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Же­тісу­дың жеміс-жидегі мен көкөнісіне қол жеткізе алмай жүр­­­ген елордалықтар үшін «Астана Арена» стадионының аума­ғын­да облыстың тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәр­­меңкесі өтті. Жәрмеңкенің алғашқы күнінен-ақ жетісу­лық­­тар алып келген 227,1 тонна өнімінің 150 тоннасын сатып үлгерді.

Жетісу жәрмеңкесі

Алматы мен Жетісу өңірі бірлесіп өткіз­ген жәрмеңкеге Жетісу об­лы­сының 8 ауданы мен 2 қаласы қатысты. Сонымен қа­тар Көксу қант зауыты да өз тауа­рын ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, астаналық тұрғындар үшін елор­даға жалпы сомасы 401,4 млн теңге болатын 227,1 тонна өнім­нің 54 түрі апарылған. Соның ішінде ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, көкөніс, жеміс-жидектер, бал, ұлттық сусындар және т.б. азық-түліктер бар. «Сауда қызу жүрді» дейді шаруалар. Жалпы, жәрмеңкеге жетісулық 35 шаруа қожалығы қатысты.

«8 жылдан бері Астанада тұрамын. Өзім негізі Тал­ды­қор­ған­нан көшіп келген­мін. Жетісу облысы жәрмеңке өткізеді деп естігенде қуана-қуана келдім, туған жерімнің экологиялық таза өнімдерін сатып алдым. Жыл сайын жәр­мең­кеде сары май, ет, алма мен көкөністерді молынан алып қай­тамын», деді аста­на­лық Марғуа Жадыраева.

Жәрмеңке алаңында Астана қаласының әкімдігімен бір­лесе концерттік бағдарлама ұйым­дас­тырылды.

пл