Саясат • 22 Қыркүйек, 2022

Жаңа заң жобасы қаралды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Әли Бектаевтың төрағалығымен аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жаңа заң жобасы қаралды

Отырыста сенаторлар «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты – қолданыс­тағы заңнаманы жетілдіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында заманауи нормативтік-құқықтық базаны құру.

Осылайша, заң жобасы: агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және цифрландыру бағдарла­масын іске асыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығы сала­сындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арт­тыруды, Еуразиялық экономикалық одақ шең­берінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу мерзімдерін біріздендіруді және биоэтанолды қолдану аясын кеңейтуді көздейді.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.