Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2022

Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?

1621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынатын үміткерлерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?

«Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 23 қыркүйектен басталып, 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталуы тиіс», деді Константин Петров.

Конституцияда және сайлау туралы Конституциялық заңда кандидатқа келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Соңғы 15 жылда Қазақстан аумағында тұру;
  • Жоғары білім;
  • Жасы 40-тан кем емес;
  • Белсенді сайлау құқығына ие болу;
  • Мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.

Константин Петров бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайтынын қоса хабарлады.