«Менде барлық қажетті ақпарат бар. Оның айтқандары мен үшін жаңалық емес», деді Украина президенті.
Зеленскийдің айтуынша, ішінара жұмылдыру – елде әскери қызметкерлерімен мәселе барын көрсетеді.
«Біз олардың курсанттарды, күресуді білмейтін жігіттерді жұмылдырғанын білеміз. Бұл курсанттар қайтыс болды. Олар тіпті оқуын аяқтай алмады. Бұл адамдардың бәрі күресе алмайды. Олар бізге келіп ажал құшады», деді президент.
Фото: Гиоргос Мутафис
Сондай-ақ ол Путин өз мақсатына жету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатынын атап өтті.
«Ол Украинаны өз сарбаздарының қанына бөктірмек», деді пікірін ашық айтқан Зеленский.