Елорда • 22 Қыркүйек, 2022

Елордада жел электр станциясы салынады

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында шетелдік инвесторлардың есебінен жел электр станциясының құрылысын бастау мәселесі талқыланды. Бұл жаңалықты елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елордада жел электр станциясы салынады

«Бұл мәселені Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен («Arm Wind» ЖШС), Қазақстан Энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықтап жатырмыз», деп жазды қала басшысы.

Әкімнің айтуынша,  бірінші кезеңде жел электр станциясының қуаты 50 МВт болады, ал одан әрі 100 МВт-тан аса ұлғайтылады. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды көлемін өндіріп алуға мүмкіндік береді. 

.г

Жел электр станциясының құрылысына тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы шамамен 50 млрд теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

«Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздері секторын кеңейтудің және еліміздің электр энергетикасы саласын дамытудың ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Себебі қазір энергетика ел экономикасында негізгі рөл атқарады. Президент еліміздегі «жасыл» технологиялардың үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға дейін артуы тиіс екенін қадап айтқан еді», деп жазды Алтай Көлгінов.

н