Жарыстың бірінші күні қазақстандық спортшы Азияның үздік жүзушілерімен бәсекеге түсіп, 5 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.
Алтын медаль жапондық Юкима Мориямаға бұйырды. Ал екінші орынды Гонконг өкілі Ин Нип иеленді.
Басқа қазақстандық спортшылар Диана Тасжанова мен Ирина Архипова тиісінше бесінші және жетінші орындарды иеленді.