Ауа райы • 22 Қыркүйек, 2022

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Мамандардың мәліметінше, 23 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының шығыс жартысында, сондай-ақ Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

«Күннің бірінші жартысында Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің орталығында 20 м/с жетеді», делінген хабарламада.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел Облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

23-24 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.