Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2022

Томас: көшпелілер туралы

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ елінің арғы-бергі тарихын зерттеуге шетелдік ғалымдар да белсене кірісе бастағаны байқалады. «Көшпелілер және кеңестік жүйе: Ленин мен Сталиннің билеуіндегі Орталық Азия» деп аталатын еңбек осының бір дәлелі. Авторы – ағылшын тарихшысы Алун Томас.

Томас: көшпелілер туралы

Ғалым кітаптың алғысө­зін­де өзін Орталық Азия мен Ресей­­дің қазіргі тарихы мен мәселе­лері­не жіті назар аударатын тарихшы және аймақтану­шы ғалым ретінде таныстырады. Ол бүгінде Стаффордшир университетінде жұмыс істей­ді. Ғалым осы уақытқа де­йін­гі зерттеулерінің басым бөлі­гін Орталық Азиядағы рево­люциялық және ерте кеңестік кезеңге (шамамен 1917-1934 жылдар) арнаған екен.

Алун Томас «Қазақ көш­пе­лі­лері және жаңа Кеңес мем­ле­кеті, 1919-1934 жылдар» атты та­қы­рыпта докторлық диссерта­ция қорғап, осы тақырып төңі­регінде көзқарасын ашық әрі бүк­песіз жеткізеді. Атал­ған ғы­лы­ми еңбекте 1920-жыл­дар­дағы Ке­ңес өкіметі мен көш­­пелі халық­тар арасындағы қа­рым-қаты­нас сипатталады. Та­­рих­шы ең­бек­ті жазу ба­ры­сын­да Қазақстан­дағы және Ресей­дегі мұрағат де­рек­көз­деріне сү­йенген. Док­тор Томас­тың бұл ғылыми еңбе­­гін­де КСРО-ның шеткері аймақ­­та­рын­дағы ке­ңестік басқару­дың отарлаудан кейінгі кезеңіне де тоқталады.

Алун Томас аталған еңбегінде Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатының қа­­зақ және қырғыз көшпелі­ле­ріне тигізген зардабын зерт­теп, Кеңес Одағының көшпе­лілерге деген көзқарасын сөз етеді. Бұл кітапты револю­ция мен ұжымдастыру арасын­да­ғы кезеңді мұқият зерттеген ше­телдік ғалымның іргелі зерт­теуі деуге болатындай. Мұнда алғашқы кеңестік тарихтың кей­бір аспектілеріне тың түсініктер берілген.

Алун Томас осы еңбекке қа­­тысты берген сұхбатында: «Менің бұл кітабым, ең алдымен, шамамен 1921-жылдан 1928-жылға дейін созылған Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кезеңіне арналған. Ұжым­­дастыру кезінде асыра сіл­­теуге жол берілді, зор­лық-зом­былық көп болды. Боль­ше­виктер көшпелілердің өмір сал­тына килігіп, ауыр алым-салық салып, олардың жағдайын қиындатты», дейді.

Айтпақшы, ғалымның осы еңбегіне 2018 жылы Британдық славян және шығысеуропалық зерттеулер қауымдастығының Александр Нов атындағы сый­лығы берілген.