Ауа райы • 23 Қыркүйек, 2022

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республикада жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай ауданының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды ​​облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.