Әлем • 23 Қыркүйек, 2022

Беларусьте мобилизация бола ма?

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдегі жағдайдың өз еліне қаншалықты қатысы барын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусьте мобилизация бола ма?

Оның айтуынша, елде мобилизация болмайды. Бұл туралы ол журналистермен әңгімелесу барысында айтқан. 

Лукашенко теріс ниетті азаматтардың Беларусьтегі жағдайды Ресейге ұқсатуға әуес екенін жеткізген. 

«Ешқандай жұмылдыру болмайды. Бұл - өтірік», деп сендірді саясаткер. 

Президент сөз арасында мұндай әрекеттер биліктің және күштік құрылымдардың бей-жайлығын байқатпайтынын айта кетті. 

Осы мақсатта халық жасақтары әскери дағдыларды меңгеруі үшін әр түрлі оқу-жаттығулар жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды.