Медицина • 23 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация басталады

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде «2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинация басталады

Осылайша, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылғы 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.

Сонымен қатар,

  • Медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;
  • Аумақта және ғимаратта тиісті көрсеткіштері бар кіреберісте «сүзгілерді» ұйымдастыру және жабдықтау;
  • Келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
  • Мобильді бригадалардың үйде шақыруларға қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;
  • Медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде + 18 °с, перзентхана блогының үй-жайларында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу міндеттеледі.

Қаулы 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.