Спорт • 26 Қыркүйек, 2022

Бентлимен бетпе-бет

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып отырған қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі кездесуін 12 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұлыбританиялық Дензел Бентлимен өткізеді.

Бентлимен бетпе-бет

Дензел 1995 жылдың 29 қаңтарында Ұлыбританияның астанасы – Лондонда туып-өскен. Кәсіпқойлар арасында жұдырықтасып жүргеніне бес жыл болды. Сол аралықта 19 кездесу өткізіп, 17 рет жеңіске жетті. 14 қарсыласын есінен тандырды. 2020 жылдың күзің­де ол Марк Хефронмен тең түссе, 2021 жылдың көктемінде Фелика Кэштан ойсырай ұтылды. Бұл жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Бентли өзінің соңғы үш бәсекесінде Сэм Эванс, Линус Удофия және Маркус Морриссон сынды танымал былғары қолғап шеберлерінен басым түсті. Оның кәсіпқой бокс­тан өз елінің екі дүркін чемпионы деген атағы бар.

а

Орта салмақтылардың рей­тин­гінде 14-орында тұрған Ден­зел Бентли Жәнібек Әлім­ханұлы алтын белбеуді иеленген бетте оны жекпе-жекке ша­қырған еді. Қандасымыз оның бұл ұсынысын қабылдады. Міне, енді қазақтың ұлы әлем чем­пионы ретінде өзі­нің ал­ғашқы жекпе-жегін 12 қара­шада өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 29 жастағы Жәнібек үстіміздегі жылдың 21 мамырында ұлы­британиялық Дэнни Дигнумды екінші раундта ұрып жығып, «уақытша чемпион» атағын иеленген болатын. Тамыз айы­ның аяғында ол WBO-ның толық­құқылы чемпионы атанды. Себебі сол күнге дейін тең­дессіз деп танылып келген аме­рикалық Деметриус Андра­де өз атағын қорғаудан бас тартып, басқа салмаққа ауысты.