Бүгін Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары ақсақалдарының «Қазыналы қария – даналық пен парасат иесі» аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форумға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Діни басқарма жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен жергілікті имамдар қатысты.
Айтулы жиын Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, кейін ҚМДБ-ның жыл басынан бері атқарған негізгі жұмыстары бейнеролик түрінде көрсетілді.
Жиынды ашқан облыс әкімі Нұрлан Телманұлы қарияларымыздың қоғамдағы орны мен тәрбиенің тірегі туралы айта келе форум жұмысына табыс тіледі. ҚМДБ Төрағасы өз сөзінде ұлттың ұлт болып сақталуы, бала тәрбиесіндегі бабалар жолы, ұлағатты ұрпаққа ақсақалдың көрсетер керемет образы жайлы баяндамасында атап өтті.
«Қазақ «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді. Онда қарттық жаспен өлшенбейді, көрген-білген, түйгенмен өлшенеді. Ал Сіздердің осы жастағы көрген-түйгендеріңіз талай жасқа жылдар бойы азық болары сөзсіз.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген адам», деген болатын. Хәкім Абай да «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» дейді. Сондықтан әр азамат «Қазақстан» атты алып ғимаратқа бір кірпіш болып қаланып, сол орында өз міндетін ұқыпты, мұқият, тиянақты, адал атқаруы ләзім. Осы ретте біз қазақ халқында ежелден қалыптасқан Аталар институтын қайта жаңғыртуымыз қажет деп білемін. Бұл институт қазіргі қалыптасып келе жатқан Жаңа Қазақстанды көтеру тұрғысынан пайдалы болады деп сенеміз.
Өмір мектебінің сан түрлі сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген ақсақалдардың кеңесі ауадай қажет. Себебі біз болмысымыздан бір сөзбен ердің құнын кешірген, қай заманда да жүйелі сөзге тоқтаған халықпыз. Сол себепті сіздерді ел мүддесі үшін бірігіп қызмет етуге шақырамын.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ел азаматтарының басым көпшілігінің қолдауымен Ата заңымызға өзгерістер енгізілді. Енді мемлекеттігіміздің тұғырнамасы түбегейлі өзгермек.
Бүгінгі алқалы жиын да елімізді, елдігімізді дамыту жолында серпін береді деп білемін. Әрдайым бірлігіміз бекем болып, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуді Алла нәсіп етсін», деді Бас мүфти.
Сонымен қатар форумда ел ағалары Жабал Ерғалиев, Абдулла қажы Жолдас, Манарбек Мұхаметжанов, Асан Омаров, Рашид Бектеміров, Зейнолла Тоқаев сынды елге белгілі ақсақалдарымыз сөз сөйлеп, форумның мәнін аша түсті.
Жиын соңында қатысушылар бір ауыздан ақсақалдар мектебін жаңғыртуға күш салатынын жеткізді.
Respublica партиясының кезектен тыс I съезді өтеді
Саясат • Бүгін, 15:48
Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:30
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Ұқсас жаңалықтар