Оқиға • 26 Қыркүйек, 2022

Ақтауда жол бойында көлік өртенді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қыркүйек күні таңғы уақытта Ақтауда 14 және 9 шағын аудандарының қиылысында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда жол бойында көлік өртенді

Қаланың 14-ші шағын ауданындағы «Изумрудный» тұрғын үй кешенінің маңында «Lada» маркалы автокөлік өртке оранды. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне ескертпе қоңырау сағат 08:41-де келіп түскен. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен  қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары сағат 08:50-де басталған.

Гүлім САДЫРБЕК