Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022

Алакөлге апаратын жол құрылысы аяқталады

451 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Келген қонақтардың басым бөлігі Алакөл ауданы жолының нашар екенін жиі айтады. Оның сапасын жақсарту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Биылдың өзінде 1 млрд теңге қаражат бөлінген, оның ішінде күрделі жөндеуге 474 млн теңге жұмсалған. Келер жылы көлге түсуге келген туристер бұрынғыдай қиындық көрмейді.

Алакөлге апаратын жол құрылысы аяқталады

Жетісу облысы әкімінің бас­пасөз қызметінің хабарлауын­ша, облыс аумағынан өтетін Тал­дықорған – Қалбатау – Өс­кемен жолының қалған 15 ша­қы­рымына асфальт төсеу қазан аяғының соңына дейін аяқталады. Көпір салу жұмыстары да бітуге жақын. Жал­пы, нысан келесі жылы толық іске қосылады. Жыл со­ңына дейін Үшарал – Дос­тық жолына асфальт салу да аяқ­та­луға тиіс. Бұл туралы Ала­көл ауданы тұрғындарымен болған кез­десуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді.

Сол сияқты 5 ауыл мен Үш­арал қаласында 19,4 шақырым жол жөнделеді. Соның нәтиже­сінде жақсы және қанағат­та­нар­лық жағдайдағы жолдардың үлесі 38%-ға жетеді. Сонымен қа­тар бүгінгі таңда облыстық ма­ңызы бар «Алматы – Өскемен – Арқар­лы» автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу үшін 1,2 млрд теңгеге тех­ника­лық құжаттама әзірленді. Жол жөндеу жұмыстары 2023 жы­лы басталады. Облыстық маңы­зы бар «Қабанбай – Лепсі, Үш­қайың (Бибіқан) ауылына кіре­беріс» автомобиль жолын орта­ша жөндеуге 700 мың теңгеге тех­никалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құжат осы жылдың соңында дайын болуы тиіс. Бұдан бөлек «Қабанбай – Көктұма» және «Қабанбай – Лепсі» бағыттары бойынша 3 көпірдің құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін екі көпір салынып бітеді.

Жетісу облысы аумағынан өтетін Талдықорған – Қалбатау – Өскемен жолының қалған 15 шақырымындағы асфальт төсеу қазан айының соңына дейін аяқталады. Көпір салу жұ­мыс­тары да бітуге жақын. Жалпы, нысан келесі жылы толығымен іс­ке қосылады. Жыл соңына дейін Үшарал – Достық жолына асфальт са­лу да аяқталуға тиіс. Бұл туралы Алакөл ауданы тұрғындарымен бол­ған кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Республикалық маңыздағы трас­саны жаңғырту жұмыстарының ұзақ­­қа созылуынан жергілікті тұр­ғын­дар да, жолаушылар да қиындық көрді. Бұған қоса туризмді дамытуға тежеу болды. Яғни өңір экономикасына да, халықтың тұрмыс сапасына да әсер етіп отыр деген сөз. Жалпы, жыл басынан бері 33 шақырымда жұмыс аяқталуға тиіс еді, соның 18 ша­қырымына асфальт төселген. Енді қалған шақырымын қазанның соңына дейін бітіру міндетін қойып отырмыз. Жол жиегін абаттандыру, сол сияқты жобаның басқа да қалған ұсақ-түйек жұмыстарын келесі жылы аяқтаймыз. Қазір бізге ең маңыз­ды­сы жолды ашып, кө­ліктердің қоз­ға­лысына жағдай жасау», деді Б.Исабаев.

«ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық фи­лиа­лының мәліметінше, қалған учаскелер Алакөл, Сарқан, Ақсу, Ескелді аудандарының аумағынан өтеді. Сол сияқты Жансүгіров, Сағабүйен, Қабанбай, Көлбай ауыл­дарындағы 4 көпірді бітіру керек. Егер ауа райы бұзылып кетпесе, жоспарланған жұ­мыс ауқымы бел­гіленген мерзімге де­йін аяқталуы тиіс. Негізінен көпірді қыста да сала беруге болады.

Ауданда туризмді дамытудағы тағы бір маңызды мәселе – Ақши мен Көктұма ауылдарында жаз маусымында электр энергиясы жетіспейді, жарық жиі өшеді. Осы проблеманы шешу мақсатында биыл Ақши ауылында 67 шақырымнан асатын электр тарату желісінің құрылысы жобасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, жобаның жалпы құны – 688 млн теңге. Аяқталу мерзімі – 2023 жылғы ақпан. Сол сияқты «Ақши» жаңа қосалқы стансасын салу мен Бескөл, Ақши ауыл­дарына электр тарату желілерін тартудың жобалық-сметалық құ­жаттамасын әзірлеуге 111 млн теңге бөлінді, жалпы құны – 123,5 млн теңге. Жұмыстар 2023 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жағаны бекіту мен жағалаудағы кәріз тазарту жүйесінің құрылысы да әлі күнге өзекті болып отыр. Жо­сық­сыз мердігер жобаны жарты жолда қалдырған. Осыған байланыс­ты қазір жұмыс тоқтап тұр, сот про­цес­тері жүріп жатыр. Сондай-ақ жер­гілікті жерлерде мұндай жағ­дай­дың қалыптасу себептерін анық­тау мақ­са­тында қызметтік тексеру жүр­гізі­луде. Соның нәтижесі бойынша жа­­уапты тұлғаларға тиісті шаралар қол­данылатын болады.

Тағы бір атап өтерлігі, осы жыл­­дың тамыз айында Үшарал қа­­­­­ла­­­сындағы әуежайдың ұшу-қо­ну жолағы қайта жаң­ғыртылып, Астана, Алматы, Тал­дықорған ба­ғыт­­та­рын­дағы әуе қаты­насы қайта жан­­данды.

Жаз кезінде Алакөл жағалауын­да­ғы демалысты тиімді ұйымдас­ты­ру үшін Астана мен Алматы қала­­ларынан, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарынан 10 рейс по­йыз қатынады. Алдағы уақытта өңір тұр­ғын­дары ұшақпен де, пойызбен де жыл бойы үздіксіз жүре алады.

Жалпы, көл жағалауында туризм­нің 288 нысаны орналасқан, соның 165-і – қонақүй, 3-еуі – сауықтыру лагері, 44-і – демалыс үйі, 64-і демалыс базасы. Осылардың 10-ы биыл іске қосылды. Олардың жобалық құны 1,4 млрд теңге, 67 жұмыс орны құрылған, 1 290 орындық нөмір қоры бар. Жазғы маусымның қо­рытындысы бойынша Алакөл жаға­лауында 1,5 млн адам демалған. Был­тыр 1,3 млн адам көлге түсіп, ты­нығып қайтқан еді.

Соңғы жаңалықтар