Пікір • 27 Қыркүйек, 2022

Жаңашылдыққа бетбұрыс

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз қазір жаңаша бағытта Әділетті Қазақстан құру жолындағы әлеуметтік-саяси реформаларды қолға алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамалары халықтың қолдауына ие болды. Жыл басындағы Конституциямызға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум, Президенттің жеті жылға және бір мерзімге сайлануы туралы өзгерістері де ой салды. Алдағы уақытта, атап айтқанда, 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауы – осы үлкен өзгерістердің заңды жалғасы.

Жаңашылдыққа бетбұрыс

Қоғамды демократияландыруға бағытталған ауқымды іс-шаралардың ықпалын қазақстандықтар қазірдің өзінде айқын аңғарып отыр. Саяси партияларды тіркеудің оңтай­лануы, партиялық тізіммен қоса мажори­тарлық негізде жекелеген адамдардың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі, сайлаудың әділетті өтуі сананы серпілтетін бас­ты қадам болса керек.

Қоғамдағы «Президент сайлауы­на дайындыққа аз уақыт беріліп отыр. Саяси партиялар үгіт-наси­хат жұмыстарын жолға қойып үлгер­мейді» деген сыни пікірлер негізді дей алмаймыз. Әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, екі ай бұл науқан үшін жеткілікті кезең екенін көреміз. Қазірдің өзінде жаңа партиялар­дың тіркелуіне, өз кандидаттарын таңдауына жағдай туғызылды. Үміткерлер­дің қата­рында жеке тұлғалар да баршылық.

Президент сайлауына байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына үндеу жариялап, жағдайды толықтай түсіндіріп берді. Кезектен тыс сайлау – жекелеген топтың немесе адамның мүддесі үшін емес, елі­міз­дегі басталған оң өзгерістер мен Әділетті Қазақстанды құру үшін аса қажетті шешім деуіміз де сон­дық­тан. Ендеше, еліміздің жарқын бола­шағы үшін осы бастамаларға қол­дау көрсетіп, реформалардың жүйелі жүзеге асуына үлесімізді қосайық.

 

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,

Сенат депутаты