Жерлесіміз халықаралық турнирдің финалында рейтингте өзінен әлдеқайда төмен орналасқан (65-орын) италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты. Бірінші партияда таразы басы әр сет сайын теңселіп тұрғанымен, тай-брейкте Л.Сонегоның жолы болды – 7:6 (7:3). Екінші сетте қарқынын арттырған италиялық теннисші айқын басымдықпен жеңіске жетті – 6:2.
Екі сағатқа жуық жалғасқан кездесуде А.Бублик 7 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Қарсыласы 6 эйспен бірге 2 брейкке қол жеткізді. Осылайша, Бублик ATP жарыстарындағы жетінші финалында жеңіліп қалды. Ол биыл бір турнирде ғана жеңіске жетті. Жыл басында Монпельеде өткен турнирде бас жүлдені олжалаған болатын.
Александр Бублик финалдағы жеңілісіне қарамастан, күні кеше жаңарған әлемдік рейтингте 44-орыннан 41-орынға жоғарылады.