Президент • 27 Қыркүйек, 2022

Шымкентте оқушылар сарайы мен жаңа перзентхана салынады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде биылғы жыл «Балалар жылы» деп жарияланғанын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте оқушылар сарайы мен жаңа перзентхана салынады

Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесін қозғап, Шымкентте биыл студенттер сарайы мен балалар шығармашылық орталығы салынатынын атап өтті.

«Демографиялық өсімді ескере отырып, әкімдікке 2025 жылға қарай тағы бір Оқушылар сарайын салуды тапсырамын. Шымкентте бес жыл ішінде 101 мектеп салу жоспарланған. Бұл маңызды іске бизнес өкілдері белсенді атсалысуда», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, соңғы екі жылда қалада 50 жеке мектеп ашылды.

«Өңір кәсіпкерлері білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосуда. Алдағы жылы әкімдік үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуі тиіс», деп қосты Президент. 

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы ахуалға да тоқталып, Шымкентке заманауи стандарттарға сай келетін перзентхана қажет екенін айтты.

«Осыған байланысты Үкімет пен әкімдіктің алдына перзентхана құрылысын жеделдету міндеті қойылды», деп жазады Президенттің баспасөз қызметі.