Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022

100 ауылда мобильді интернет жоқ

339 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өңірлерді цифрлы коммуникация жүйелерімен қамту мәселесі қашанда өзекті. Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Абай облы­сындағы ауылды елді мекендерді интернет байланысымен қамтамасыз етуге қатысты арнайы сауалхат жолдаған едік.

100 ауылда мобильді интернет жоқ

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ «EQ»

Жауапты ведомствоның берген мәліметіне сүйенсек, қазір Абай облысындағы 110 ауыл­ды елді мекенде тұратын 15 мың­дай адам (халықтың 2,3%-ы) мо­бильді интернетпен қам­тылмаған. Алайда министрлік 223 елді мекенде тұрып жатқан 625,3 мың халықтың немесе 97,7%-ы сымды және сымсыз бай­ланыс технологиялары қыз­меттерімен қамтамасыз етілген деп сендіріп отыр.

«Абай облысында 333 елді мекен бар (халқы 640,3 мың адам), оның ішінде 6 қала (387,2 мың адам) және 327 ауыл (253,2 мың адам). Қазіргі уақытта ха­лық саны 625,3 мың адамды құ­райтын 223 елді мекен немесе ха­лықтың 97,7% сымды және сым­сыз байланыс технологиялары бойынша қызметтерімен қамтамасыз етілген. 15 мың адам немесе халықтың 2,3%-ы тұ­ратын 110 ауылды елді ме­кен мобильді интернетпен қамтылмаған күйінде қалып отыр. Оның ішінде 2024 жыл­ға дейін «Востоктелеком» ЖШС 55 ауылды елді мекенді са­лық жеңілдіктері арқылы кең­жо­лақ­ты қолжетімділікпен қам­тама­сыз ететін болады.

Сонымен қатар 53 ауылды ел­ді мекенді геостационарлық емес спутниктік жүйелер (бұ­дан әрі – ГЕСО) есебінен қам­тамасыз ету мәселесі пысық­талып жатыр. Халықты кең­жолақты қолже­тімділікпен қам­тамасыз ету мақ­сатында ГЕСО орналастыру үшін OneWeb, Space X және SES компания­ларымен тиісті жұ­мыстар жүр­гізіліп келеді. Жоба 2023 жылы бас­талуға тиіс.

Сондай-ақ көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасын жақсарту үшін министрлікпен байланыс қызметтері сапа­сының техникалық параметр­лерін өл­шеу әдістемесі (Қазақ­стан Рес­­публикасы Ақпарат және коммуни­кациялар ми­нис­трінің 2017 жылғы 29 тамыз­дағы №327 бұй­рығы) және байла­ныс қыз­меттері сапа­сының көрсеткіштері (Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Ақпарат және коммуникациялар ми­нис­­трінің 2017 жылғы 22 қара­шадағы №410 бұйрығы) бекітіліп, олар байланыс сапасына тексеру жүргізуге құқық­тық негіз береді. Интернет жылдам­дығының рұқсат етілген ең төменгі деңгейі бөлігінде байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштеріне өзгерістер енгі­зілуіне орай байланыс опера­торлары республиканың елді мекендерін интернет қызмет­терімен қамтамасыз ету бойынша ақпаратты өзектендірді.

Осылайша, байланыс опера­торларының деректері бойынша қалған 26 ауылды елді мекенде интернетке қол жеткізу бе­кітілген сапа көрсеткіштеріне сәй­кес кел­мейді», делінген құ­зыр­лы орган­ның ресми жауабында.

Бұл орайда министрлік бай­ланыс операторларымен бір­лесіп, осы ауылды елді ме­кен­дерде кең­жо­л­ақты қолже­тім­ділікті қам­­­та­ма­сыз ету мәсе­ле­сін қа­рас­ты­рып жат­қанын жет­кізді.

 

Абай облысы