Президент • 28 Қыркүйек, 2022

Президент: Мемлекеттік саясаттың басты бағыты - адам

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысы жүріп жатыр. Онда Президент цифрлық технологиялардың маңызды басымдықтарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Мемлекеттік саясаттың басты бағыты - адам

«Маңызды басымдықтардың бірі - «Government to citizens», яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы. Цифрлық технологиялардың көмегімен біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Бұл үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың «Invisible Government» жаңа әрі сапалы форматына көшу қажет. Аталған форматтағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты - адам, оның қажеттіліктері мен мүдделері. Мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің кең ауқымы азаматқа көрінбейді, ол тек нақты нәтижені көреді», деп атап өтті Президент

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейтінін айтты.

«Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейді. Бізде жеке сектормен қалыпты өзара іс-әрекет жолға қойылған. Атап айтқанда, Каспий, Халық, BI Group және басқа да компаниялар мемлекеттік қызметтерге өздерінің платформалары арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің азаматтарымыздан жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, оқу орнын бітіргені туралы дипломын, неке туралы куәлігін және тағы да 15 түрлі құжатты өзімен бірге алып жүруі және көрсетуі талап етілмейді. Бұл жұмыс сөзсіз жалғасады», деп нақтылады Мемлекет басшысы.