Президент • 28 Қыркүйек, 2022

Президент елдің цифрлық трансформациясындағы басымдықтарын атады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдығын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент елдің цифрлық трансформациясындағы басымдықтарын атады

Ел Президентінің айтуынша, жаңа идеялар мен серпінді жобалар тек еркін әрі үйлесімді қоғамда ғана пайда бола алады.

«Сондықтан, елді ауқымды жаңғырту шеңберінде біз әділетті Қазақстанды – баршаға тең мүмкіндіктер мемлекетін құруды көздеп отырмыз. Заманауи диджитал-номадтар жаһандық кибер және физикалық кеңістікті белсенді игеруде, жаңа өнімдер мен нарықтар құруда. Қазіргі заманғы ақпараттық өркениет әр адамның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдығын атады. Олар:

  • Адамға бағдарланған қызметті дамыту.
  • IT-сала үшін қолайлы жағдай жасау.
  • IT-инфрақұрылымды кең көлемде модернизациялау.
  • Цифрлық экономиканы және Индустрия 4.0-ді дамыту.
  • Адам капиталын нығайту.