Вице-премьер министрлік қызметінің өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда, Қазақстан нарықтарын азық-түлік тауарларымен толықтыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында айтты.
«Біздің басты міндетіміз – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыстарды министрлік орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен, тауар өндірушілермен, бөлшек саудамен және нарықтың басқа да субъектілерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. «Айналым схемасы» бойынша қаржыландыру тетігі қайта форматталды», деді Серік Жұманғарин.
Кездесу барысында маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынғаны айтылды.
«Тағы бір маңызды міндет – тауарлық балансты қалыптастыру процесін автоматтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.
Сэр Сума Чакрабарти қабылданып жатқан шаралардың тиімді және уақытылы екенін атап өтіп, өз өндірісін дамыту ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.