Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады. Коллекциялық монеталар қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған.
Номиналы 500 теңгелік монеталарға тоқталсақ, күміс монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2 мың дана
Ал номиналы 100 теңгелік монеталарға келсек, мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 мың дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасы аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.